2017 жылдың 1 мамырынан «Нағыз алматыша» қоғамдық қоры «Эфес Қазақстан» ШК АҚ-ның демеушілік қолдауымен «Үздік аула сыпырушысы» дәстүрлі жыл сайынғы конкурсын бастайды. Бес жыл қатар конкурс міндеттеріне ауламыздың таза болғанын, шарбақтар мен жиектастардың сырланғанына, ал гүлзарлар мен гүлбақтардың қырқылғанын қадағалау кіретін адамдар үшін жүргізіледі.
Мегаполистің тұрғындары үшін аула сыпырушыларына олар іңірген еңбектері үшін қалалық масштабта алғыс айтуға, қаламызды күн сайын таза әрі әдемі қылып жүрген адамдардың аттарын білуге тамаша мүмкіндік бар.  
Ауқымды конкурстың бірінші кезеңі 1 мамыр күні басталды және 1 маусым күніне дейін созылады. Өтінімдерде үміткер туралы айтып оған тіркелген аумақты көрсету қажет. Екінші кезең - дауыс беру, ол 1 маусымнан 1 тамызға дейін өтеді. Бұл кезеңде әрбір алматылық өз дауысын оның пікірі бойынша Алматының ең үздік аула сыпырушысы үшін бере алады.
Осы жылы «Үздік аула сыпырушысы» конкурсының жалпы жүлде қоры 650 000 теңге құрайтын болады:
1-ші орын - 200 000 теңге, 2-ші орын - 150 000 теңге және 3-ші орынға үш аула сыпырушы ие болады - 100 000 теңгеден.